Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті
<p style="text-align: justify;">Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Елорда күніне орай Тәуелсіздік құрдастарымен онлайн-кездесу өтті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бастамаларды ілгерілетуге және іске асыруға тарту жоспарланғанын атап өтті.
Іс-шараға «Болашақ» Халықаралық стипендиясының түлектері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, сондай-ақ голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждау жобасының жетекшісі А.Орынбаева, спорттық-бал биінің педагогы Е.Моисеев және басқалар қатысты.

Қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Тәуелсіздігінің нышанына айналғанын айтты. Сондай-ақ астананың дамуы жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашқанын алға тартты.