Руханият
1 мин оқу 622
Нұр-Сұлтанда Алаш Орда қайраткерлеріне ескерткіш орнатылады
<p style="text-align: justify;">Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда Алаш партиясының жетекшілеріне арналған ескерткіш орнатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ескерткіштің болжамды фотосын бұған дейін Instagram-да қазақстандық режиссер Қуаныш Бейсенов жариялаған болатын. Суретте ол Алаш қозғалысының көшбасшылары Ахмет Байтұрсыновтың, Әлихан Бөкейхановтың және Міржақып Дулатовтың әңгімесін суреттейді.
Әкімдік қалада шынымен Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнату жоспарланғанын растады, бірақ әзірге басқа мәліметтер берілген жоқ.
Еске сала кетсек, Алаш автономиясының орталығы саналатын Семейде 2017 жылы Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды.
Бөлісу: