Елорда
2 мин оқу 805

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының портреті жасалды

<p style="text-align: justify;">Елорда күні қарсаңында &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; қазақстандық қоғамдық даму институты Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының портретін жасады. Жұмыс 2021 жылы жүргізілген бірқатар әлеуметтік зерттеуге негізделген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде, Нұр-Сұлтан халқының 81%-і қайырымдылық жасуады қолдайтыны және мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге әрдайым әзір екені анықталды. Бұл еліміздегі ең жоғарғы көрсеткіш.

фото 1

Сонымен қатар, елордалықтардың басым бөлігі елдегі инклюзивті білім беру жағдайына көңілі толатынын айтқан. Нақтырақ айтсақ, тұрғындардың 57%-і қазақстандық білім беру жүйесін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы деп санайды.

фото 2

Жастар ортасын зерттеу барысында елордалық жастардың басты таңдауы волонтерлік (55%) және салауатты өмір салты (30%) екені белгілі болды. Осы орайда, Нұр-Сұлтан жастарының 56%-і спортпен тұрақты түрде шұғылданатынын айта кеткен жөн.

фото 6

Нұр-Сұлтан тұрғындары шығармашылық дамуға да ерекше көңіл бөледі. Мәселен, сурет салу (14%), музыкалық аспаптарда ойнау (10%) және сәндік-қолданбалы өнермен (10%) айналысатындар көп.

фото 3

Елордалықтардың 91%-і  өмірдің ең маңызды құндылығы отбасы деп санайды. 41%-і патриотизмді еліне деген сүйіспеншілік, құрмет және мақтаныш сезімі есептесе, жастардың 32%-і әскерде қызмет етуге, Отанын қорғауға дайын екенін жеткізген.

фото 4

Ал 79%-і болашаққа «бәрі жақсы болады» деген үміт сезімімен қарайды.

фото 5

Бөлісу: