Әлем
1 мин оқу 164
Беларусь Украинамен арадағы шекарасын күшейтілген режимде күзетуде
<p style="text-align: justify;">Беларусь Украинамен арадағы мемлекеттік шекарасын күшейтілген режимде күзетуде. Шекара учаскелерінде жасақтардың саны көбейтілді. Бұл туралы сенбі күні ТАСС агенттігіне Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский хабарлаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
2 шілдеде Беларусь Президенті Александр Лукашенко шекара әскерлеріне Украинамен шекараны толығымен жабуды бұйырды.
Оның айтуынша, бұл шешім республикаға көрші елден қару-жарақтың көптеп келуіне байланысты қабылданған.
«Украинадан Беларусь еліне көптеген қару-жарақ келеді. Сондықтан мен шекара әскерлеріне Украинамен шекараны толығымен жабуды тапсырдым», деді А. Лукашенко.
Бөлісу: