Тәуелсіздік
1 мин оқу 191

Тарих таңдаған елорда

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен қалалық архив мекемесі бірлесіп &laquo;Тарих таңдаған елорда&raquo; атты көрме ұйымдастырды.</p>

Тарих таңдаған елорда

Аталмыш көрме XIX ға­сырдан бастап қазіргі күнге дейінгі елорданың тарихын баяндайтын архивтік құжаттар мен сирек кітаптардан құ­ралған екен. Атап айтатын болсақ, Ұлттық орталықтың қорында сақтаулы «Из­вес­тия» газетінің 1918-1921 жыл­дар аралығында жа­рық көрген әр санында бі­рін­ші дүниежүзілік соғыс ке­зеңіндегі қазақ елінің жағ­дайы және 1921-1922 жылда­ры аралығында еліміздің кей­бір облыстарын қамтыған ашар­шылықты баян ететін тақы­рыптар бар.

Сондай-ақ көрермен көр­ме сөресінен Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік ар­хивінің қорында сақтаулы құ­жаттарды тамашалай алады. Бұ­лардың арасы­нан Ақ­мо­ланың алғаш әскери бе­­кініс ретінде салынуын, қа­лыптасуын кезең-кезе­ңі­мен сипаттайтын фото-ар­хив­тік құжаттар көп­шілік назарын аударды. «Көр­ме шілде айының со­ңына дейін жал­ғасады», дейді ұйым­дастырушылар.

Бөлісу:
Тарих таңдаған елорда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар