Оқиға
1 мин оқу 383

Ақтөбеде мектеп оқушысы суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Ор өзеніне мектеп оқушысы батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті. Хабарлама ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. «Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған.

Су айдындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Табиғи және жасанды су айдындарында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек», деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов. Жыл басынан бері Ақтөбе облысының су қоймаларында 4 бала суға батып кетті.

Бөлісу:
Ақтөбеде мектеп оқушысы суға батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар