Аймақтар
1 мин оқу 280

Алматыда мүгедек балаларды емдейтін иппотерапия жобасы іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Жоба мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың аутистік спектрдегі мүгедек балаларға арналған мекемелер санын ұлғайту туралы тапсырмасына сәйкес, Тұңғыш Президент Н. Назарбаев қорының &laquo;Қамқорлық&raquo; жобасы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда мүгедек балаларды емдейтін иппотерапия жобасы іске қосылды

Бүгінгі дейін Алматыда иппотерапия ақылы түрде қызмет көрсететін еді. Бұл кейбір алматылықтар  үшін қолжетімсіз болатын. Енді қалалық бюджет есебінен жылына 100-ге жуық бала ем алуға мүмкіндік алды.

Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қоры «Қамқорлық» жобасы аясында мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың аутистік спектрдегі мүгедек балаларға арналған мекемелер санын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Nur Otan партиясының «Өзгеру жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау үшін Алматыда «Иппотерапия» мен «Ат спорты» жобасының ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Астана күніне арналды.

Жоба психоневрологиялық аурулары, ақыл-ой кемістігі, тірек-қимыл аппараты бұзылған, соның ішінде БЦП, Даун синдромы, аутизм спектрі бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды қолдау мен емдеуге бағытталған.

«Иппотерапия» әдісі алғаш рет 1992 жылы АҚШ-та американдық иппотерапия қауымдастығының құрылуымен тұспа-тұс келді. Бұл бірегей әрі жаңашыл жоба. Жоба аясында мүгедектігі бар балаларды аурудың ерте кезеңдерінде сәтті емдеуге болады.

Жобаны Paralympic Sports Association қоғамдық қоры Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырып отыр.

Бөлісу:
Алматыда мүгедек балаларды емдейтін иппотерапия жобасы іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар