Өнер
1 мин оқу 761

Күміс фалар

<p style="text-align: justify;">Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы му&shy;зейінде көне жәді&shy;гер&shy;дің бірі &ndash; күміс фалар сақталған. Фалар дегеніміз, ат әбзелінің әшекейіне жататын, қайыстан жасалған өмілдірік-құйысқанға бекітілетін металл жапсырма.</p>

Күміс фалар

Оны бұрынғы Торғай облысы, Есіл ауданы «Победа» ауылының тұрғыны Зайцев деген кісі кездейсоқ тауып алып, музей қорына 1986 жылы тапсырған.

Ғалымдардың зерттеуін­ше, аталған құнды дүние біз­дің заманымыздың I-III ға­сырлар аралығына жатады. Оны археологтер сарматтар мәдениетінің өркендеген кезі деп айтады. Құнды жә­дігер күмістен жа­салған, жұ­қа алтын жапсырмамен көм­керілген, бетіндегі бейнелер шекіме түрінде бе­рілген. Фалардың жиегі лавр жапырағымен көмкерілген. Ор­та тұсында арыстанның бе­дерлі бейнесі бейнеленген оның шығыңқы бөлігін алтын­ның буына ұстап, ап­таған. Арыстан оң жаққа қар­­ғы­ған кейіпте, денесі қы­ран пішінде, мойны жо­ға­рыдан жал­мен жарылып бе­­дерленген. Сыртқы жағына үш ілгек жап­сырылған.

Жалпы сарматтар кезеңіне қатысты күміс фаларлар бұрын да табылған, бірақ олар негі­зінен кішкентай болып келеді. Ал осындай көлемдісі сирек кездеседі.

Бөлісу:
Күміс фалар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар