Асқар Мамин елорда күнімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын! Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды.
Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!