Хакерлер Қазақстанға жиі шабуылдай бастады
<p style="text-align: justify;">Алғашқы жарты жылдықта елімізде тіркелген хакерлік шабуыл саны 13,9 мыңға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20,1%-ға жоғары. Бұл туралы KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Ranking.kz сарапшыларының жазуынша, аталған құқықбұзушылықтың жартысынан көбі ботнет арқылы жасалған. Ботнет – қауіпті компьютерлік бағдарлама орнатылған компьютерлер желісі. Хакерлер осы арқылы басқа құрылғыларды қашықтан басқара алады. Дегенмен, дәл осы ботнет көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеген. 2019 жылы ол 82,7% болған еді.
Ал вирусы бар бағдарлама орнату саны 3,1 есе өскені байқалады.
Сарапшылардың айтуынша, 13,9 мың хакерлік шабуыл - осы уақытқа дейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш.