Аймақтар
1 мин оқу 170

Алматыда Құрманғазы көшесі жабылады

<p style="text-align: justify;">Алматыда Құрманғазы көшесі уақытша жабылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

7 шілде түскі сағат 12:00-ден 8 шілде таңғы сағат 09: 00-ге дейін Құрманғазы көшесінің солтүстік жағында Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін - екі бағытта қозғалыс жабық болады.

«Уақыт шектеулері осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты», деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Компания қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Бөлісу:
Алматыда Құрманғазы көшесі жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар