Тағайындау
1 мин оқу 790

«Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ҰҚ&raquo; АҚ Басқарма Төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметке тағайындалғанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды.

Әнуар Ахметжанов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс Университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі. «Энергетикалық ресурстар және технологиялар», сонымен бірге «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Бөлісу:
«Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар