Атырауда әскерден келген сарбазды күткендер пойызға жармасқан

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиға 4 шілдеде Қызылқоға ауданындағы Сағыз стансасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағыз стансасындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Болатбек Іңірбайдың айтуына қарағанда, жергілікті жастар әскерден оралған сарбазды күтіп алу үшін вокзалға жиналған.
«Пойызбен жарыса жүгірген жастар аудан орталығынан, өзге елді мекендер мен округтегі 3-ауылдан келген. Олар пойыз тоқтағанша шыдамсыздық танытқан», дейді Болатбек Іңірбай.
Оның мәліметінше, Сағыз ауылының 18-19 жастағы екі тұрғыны вагон есігінің басқышына жармасқан. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 560-бабымен (Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынды.