Елорда
1 мин оқу 530

Астана күні «Есіл толқынында» аталып өтті

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 5-7 шілде аралығында Елорда күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Есіл өзені бойында &laquo;Есіл толқыны&raquo; концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Іс-шараның мақсаты – бас қаланың тұрғындары мен қонақтарын Астана күнімен құттықтау,мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Сондай-ақ қала тұрғындарының қатаң пандемия жағдайында бір орынға жиналмауын қамтамасыз ету үшін концерт Есіл өзені бойында кемеде өтеді. Әртістер, өнер ұжымдары «Астана» теплоходында өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасы 3 сағатқа арналған.

«Есіл толқыны» елордалықтар мен қала қонақтарының көңілінен шыққан мерекелік іс-шара болды. Көрермен Есіл өзенінің оң және сол жағалауынан қазақстандық өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Концерттік бағдарламада қазақ халқының музыкалық мұрасы мен эстрада жанрында әндер шырқалады. Оған Света - Қанат Айтбаевтар, Майра Ильясова, Асем Омарова, Арайлым Рахым, Парасат Отан, Алтынай Жорабаева, Асем Омарова, Дос, Диана Маева, Маржан Арапбаева т.б. өнерпаздар қатысады.

елорда

Айта кетейік, іс-шараға қатысушылардың барлығы коронавируске қарсы вакцина алған, денсаулығына байланысты вакцина алмағандар ПТР-тесттен өткен.

мереке

Бөлісу: