Аймақтар
12 мин оқу 834

Ұлытаудағы өрт. Қамданбасақ қапы қалатынымызды көрсетті

Қасиетті Ұлытаудың ұлан-ғайыр даласы өртқұшағында қалды. Шіліңгір шілдеге дейін көктен біртамшы тамбай, түгін тартсаң майы шығатынырзықты өңірдегі өсімдік атаулы қурап кеткен еді. Бірғана ұшқын сары даланы жолындағыны түгелжалмаған қып-қызыл тажалдың құшағына итересалды...

Ұлытаудағы өрт. Қамданбасақ қапы қалатынымызды көрсетті

Ресми деректің бірі Ұлытау ауда­нындағы алапат өрттіңшығуына ашық күні ойнаған найзағайдың се­бепші болғанынайтады. Әбден мүм­кін. Тіпті шөпшінің шалғысы тас­қа тиіп, содан от шығуы немесе темекі шоғынан да лап етіп тұтануыәбден мүмкін-тұғын. Қазір ол, әрине, маңызды емес. Еңмаңызды болып тұрғаны – мал-жанның амандығы...

Қарағанды облысының әкімі Же­ңіс Қасымбек таратқанақпаратқа ­сай, елді мекендері отқа оранған Ұлытауауданында түрлі техниканың 175 бір­­лігі, құтқарушысы мен еріктілері бар, барлығы мыңға жуық адам күн-түнге қарамайөртпен алысып жатыр. Кейбір деректерге қарағанда, ауданаумағында дала өртінің 17 ошағы болған. Қызыл әзірейіл, әсіресе, Кере­гетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек, Борсеңгір, Пионер, Байқоңыр, Шеңберауылдары тұсында ерекше құтырынған.

Әлі түпкілікті анықталмаған кей­бір деректерге қарағанда, өрт қорша­уында қалған ауылдарда мал шығыны болған. Мысалы, Жангелді ауылдық округіне қарасты «Әбдібеков» шаруа қожалығының 200 қойы мен он шақ­ты сиыры отқакүйіп өліпті. Сондай-ақ Байқоңыр ауылында 300-ге таяу қойөртеніп кеткендігі жайлы хабар әлеуметтік желілерде жүр.

Ең өкініштісі сол, Қоскөл ауылынан қырық шақырымжерден өртеніп кеткен УАЗ автокөлігі қаңқасының жанынан23 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Ресми деректербойынша, қаза тапқан азамат өрт сөндіруші еріктілердіңқатарында болмаған екен. Қазіргі уақытта қай­ғылыоқиғаның мән-жайын жергілік­ті полиция қызметкерлеріанықтау үстінде.

Жасыратыны жоқ, өрт бас­тал­ғаннан бері әлеуметтікжелілерде неше түрлі ақпарат, фото және бейнежазбалар легідүркін-дүркін жарияланып жатыр. «Мал ашуыжан ашуы» де­ген, қолындағы азын-аулақ малы­нан айырылғанағайынның өрт сөн­дірушілер мен құтқарушыларға, жер­гілікті атқарушы билікке айтар өкпе-реніші де жоқ емес. Мәселен, Бай­қоңыр ауылының бір тұрғыны Ұлы­тауауданындағы өрттің шілде айы­ның басында басталғанынайтады. «Біз­дің ауданға келген өрт сөндіруші қыз­меткерлерінің саны өте аз болды. Біз өзіміз қолымызғашүберек алып, өртті сонымен сөндірдік», деп мұңын шақтыол.

Шынында да, бір тамшы жаңбыр жаумаған аптап ыстықтаөрт болуы мүмкін-ау деп бас ауыртпаған, апат­тың алдын алуқамын жасау­-
ға ты­рыс­паған жергілікті атқа­ру­­шы билік пен төтенше жағ­дай­лар қыз­метіне қандай сын айтса да орынды. Әлбетте, бұлкемшілік­терге тиісті органдар талдау жасап, қорытынды­сыншығара жатар. Ал малы қыры­лып, шабындық жер­лері түгіқалмай жа­нып кеткен шаруа­лар­ға деген кө­мек жан-жақтыболуы тиіс. Бұл мә­селені түбегейлі шешу үшін қазіргіуақытта арнайы құры­лып, жұмыс істеп жатқан комиссия ерек­ше назар аударады деген ойдамыз.

Дегенмен аттарына қанша сын айтылса да, төтеншежағдайлар жө­ніндегі департаментке қарасты қыз­меттерөртпен жан аямай айқасуда.

Жұмыс түнде де тоқтатылма­ды. Қабылданған шараларқауіп­ті сейілт­ті. Күш пен құралдар жеткілікті. Құтқа­руқызметтері жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмысістеуде. Әкімдіктер қажетті материалдық-техникалықжабдықтармен қам­та­масыз етуде. Тұрғындар түсіну­ші­лікпенқарау­да, белсенді қолдау көр­сетіп, тіпті өз үйлеріндеқұтқару­шыларды та­мақтандыруда, – деді облыстық ТЖ департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов.

Өрт құшағында қалған Ұлытау­ға облыс әкімі ЖеңісҚасымбектің барғаны дұрыс болды. Сайып келгенде, мұныңөзі қалыптасқан жағдайда тығырықтан шығу жолдарыніздес­тіруге игі әсерін тигізгені сөзсіз. Оның үстіне, өңірбасшысының арнайы келгені шығынға белшеден батып, таяқұстап қалған шаруаларға дем берді, ертеңгі күнге дегенсенімін оятты. Өйткені малынан айырыл­ған жергіліктітұрғындарды қазіргі уақытта бәрінен бұрын өтемақы мәсе­лесінің қатты мазалап отырғаны жасырын емес.

Ұлытауда болғанында облыс әкімі жағдай толықтайбақылауда екенін мәлімдеді. «Қауіпті учаскелерді жою үшінқажетті күштер мен құралдар жеткілікті. Жезқазған жәнеСәтбаев қалаларынан әкімдіктер 20 тонна көлемінде жанар-жағармай мен азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды», депмәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кейінгітаратқан мәліметтері көңілге демеу болар­лықтай. «Жеделштаб құрылды. Дала­ның табиғи өрті бойынша жағдай жеделқызметтер және атқарушы би­лік органдарының айрықша ба­қы­лауында. Біздің қызметкерлер өрт сөндірушілермен үш«Iridium» жер серігі терминалы бойынша үнемібайланыста», деп хабарлады ТЖД-ның ресми өкілі.

Дегенмен соңғы жеткен ақпарат­тарға қарағанда, даладағыөрт түгел өшті деуге әлі ерте. Тіпті ол Ұлы­тау­дан басқааудандарда да аяқасты­нан лап ете қалуы әбден мүм­кін. Мұны ескермесе, болмайды. Мәселен, ке­шелері Жаңаарқа, Шет және Ақ­тоғай аудандары аумағында өрт шығып, олардер кезінде сөндірілген.

Ал Ұлытау ауданындағы Жангел­ді, Ақтас, Шеңбер жәнеАмангелді ауыл­дық округтерінде дала өртін сөн­діружұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл маңдағы өртпенкүреске 370 адам мен 45 техника бірлігі жұ­мыл­дырылған.

Ауа райын болжаушылар алдағы күндері Ұлытауауданында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін де­генболжам айтады. Олай болса, мұ­ның өзі өртпен алысып, әбден титықта­ған төтенше жағдайлар қызметіне көрсетілгенкөмектің үлкені болар еді. Ал өрістегі малы өртеніп немесетүтіннен тұншығып қырылып қал­ған, сонымен қатаршабындығында­ғы шөбі қылтанағы қалмай жанып кеткеншаруалар көмекті жергілік­ті атқарушы биліктен күтеді. Иә, Ұлытау кө­мектен кенде қалмауы тиіс.

Қарағанды облысы,

Ұлытау ауданы

Бөлісу: