Назарбаев Университетінің президенті тауда қайтыс болған студенттердің отбасымен кездесті
<p style="text-align: justify;">Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу киелі Түркістанға келіп, «Сайрам-Өгем» шатқалында қайтыс болған ағайынды студенттердің ата-анасымен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Еске салайық, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама құтқарушыларға 25 мамыр келіп түскен. Туристер 21 мамырда «Сары-Айғыр» шатқалына бет алып, содан оралмаған.
Жоғалған жеті адамның алтауы Назарбаев университетінің 4 курс студенті болған. Тағы бірі – ентау лицейінің түлегі.
Іздеу жұмыстары барысында жеті жігіттің үшеуі аман табылса, төртеуінің денесі судан табылды. Марқұмдарды іздеу жұмыстары бірнеше аптаға созылды.