Балық аулауға шыққан азамат суға батып кетті
<p style="text-align: justify;">Балық аулауға шыққан 46 жастағы қызылордалық азамат Сырдария өзеніне батып кетті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 шілдеде сағат 23:00 шамасында болған. 1975 жылғы азамат облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында Сырдарияға балық аулауға шығып, оралмаған.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техникамен және суға жүзу қайығымен оқиға орнына барды. Іздеу шаралары нәтижесінде азаматтың мәйіті бүгін, 8 шілдеде сағат 6:05-те судан шығарылды», деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.