Коронавирус
1 мин оқу 650

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа ереже енгізілді

<p style="text-align: justify;">10 шілдеден бастап Ресейге баратын қазақстандықтар &laquo;Covid-19-сыз саяхаттаймын&raquo; қосымшасы арқылы ПТР-анықтамасын ұсынуы тиіс.&nbsp;Бұл туралы Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ресей Федерациясының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы өзгерістерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары 10 шілдеден бастап Ресейдің Мемлекеттік шекарасынан өткен кезде «Covid-19-сыз саяхаттаймын» мобильді қосымшасын қолдана отырып, ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсету керек», делінген хабарламада.

Ведомствода қазақстандықтар «Covid-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасын пайдалана алатын алгоритм сипатталған:

  1. Қосымшаны жүктеу.
  2. Бағдарлама ұсынған тізімнен ең жақын зертхананы таңдау.
  3. ПТР-сынағын тапсырғаннан кейін нәтижені QR-кодты сканерлеу көмегімен «тесттер» бөліміне жүктеу керек (оны зертхана береді).
  4. Жүктелген QR-кодты Шекара қызметінің қызметкерлеріне көрсету.

«Covid-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасы қазақстандықтар үшін 7 маусымнан бастап қолжетімді болды. Ол ЕАЭО елдеріне кіруді жеңілдетуге арналған. Платформаның көмегімен коронавирусқа талдау жасау үшін ең жақын зертханаларды табуға болады. Сынақ нәтижесі QR-код түрінде келеді, ол азаматтардың жүйеден тіркелген елдерге кіруіне мүмкіндік беретін интеграцияланған ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Бөлісу:
Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа ереже енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар