Теннис
1 мин оқу 411
Ресей спортшылары Қазақстанда жаттығып жатыр
<p style="text-align: justify;">Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшелері ресейлік спортшылармен Ақтауда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Спортшылар жалпы физикалық дайындықты жақсартуды қолға алған. Сондай-ақ жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша техникалық, теориялық және психологиялық тұрғыда шеберліктерін шыңдауда.
Ресейлік Урал тау-кен компаниясының клубы мен отандық бапкерлердің сөзінше, осындай бірлескен оқу-жаттығу жиындары спортшыларға пайдалы. Мұндай жаттығулар спортшылар арасында тәжірибе алмасып, техника-тактикалық дайындықтарын жаңартуға мүмкіндік береді.
Бөлісу: