Тағайындау
1 мин оқу 670

Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м. а.; бас маманы; сарапшысы қызметін атқарды.

2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты болып қызмет етті.

2011-2012 жылдары – ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты болды.

2012 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

Бөлісу:
Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар