Спорт
1 мин оқу 457

Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

<p style="text-align: justify;">IBF мен IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде рингке қайта оралуына қатысты жазба қалдырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мен рингке өзім және фанаттарым үшін шығамын. Жақында көрісеміз»,  деп жазды GGG Twitter парақшасында.

Бірнеше сағаттың ішінде Головкиннің жазбасына жүздеген адам ретвит жасаған. Ал пікір жазғандар GGG-дің алдымен Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жек өткізгенін қалайтынын жеткізді. Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге кеңес бергендер де бар.

Айта кетейік, желтоқсан айында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Ал Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн GGG-дің қыркүйекте тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтқан.

Бөлісу: