Әлем
1 мин оқу 452

Түрікменстан Президенті жаңа кемемен Каспий теңізінде саяхаттады

<p style="text-align: justify;">Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен министрлер кабинетінің мүшелері Ресей Федерациясында жасалған жаңа кемемен Каспий теңізінде алғашқы теңіз саяхатын ұйымдастырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы «Түрікменстан: Алтын ғасыр» басылымы хабарлаған. 

Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында жасалған «Рахат» жолаушылар кемесі туристерге арналған. Кеменің ұзындығы 33 метр және 100 теңіз милін құрайтын круиздік диапазоны бар. Сондай-ақ жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. 

Айта кетейік, кемедегі сапар кезінде Түрікменстан басшысы үкімет мүшелерімен Каспий теңізінің түркімен жағалауын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Түрікменстан Президенті жаңа кемемен Каспий теңізінде саяхаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар