Волкан Бозкыр Түркі академиясына арнайы келді

Бүгін Халықаралық Түркі академиясына БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Волкан Бозкыр арнайы келді. Бұл туралы Академияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мәртебелі мейманды Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қарсы алды.
Түркі академиясының кітапханасымен және ондағы мол кітап қорымен таныстырған академия басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасына ұйымның жұмысы туралы кең мәлімет берді.

Өз кезегінде көрнекті дипломат Волкан Бозкыр түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда академияның айрықша маңызды ұйым екеніне тоқталып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.
Академия басшысы мейманға арнайы құрмет көрсетіп, Түркі академиясы жарыққа шығарған бағалы басылымдарды тарту етті.