Білім
1 мин оқу 315

1 тамызға дейін барлық педагог вакцина алады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Е.Тоғжановтың айтуынша, бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағында карантин шарасы күшейтілген.

«Барлық медициналық ұйым орын алуы мүмкін күрделі жағдайға дайын.   Ауруханалар 37%-ға толған. 50 мың бос орын бар. Вакцинациялау шаралары 2 есеге өскен. 1 тамызға дейін медициналық себебі жоқ барлық педагог вакцина алатын болады.  Бүгінгі таңда екпенің бірінші дозасын - 4,2 млн адам, екінші дозасын 2,4 млн адам алған», деді Е. Тоғжанов.

Бөлісу:
1 тамызға дейін барлық педагог вакцина алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар