Аймақтар
1 мин оқу 370
Батыс Қазақстанда бес жасар қызды ит талап өлтірді
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында ит бес жасар қызды қауып өлтірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға Бәйтерек ауданы Трекин ауылында 9 шілде күні кешке қарай болды.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бес жасар қыз Ресейден отбасымен осында тұратын атасына қыдырып келген. Атасымен бірге далаға шөп шабуға барған кезде итке таланып қалған. Ит атасынікі екен.
Ауыл әкімі Мәлік Сейтов қайғылы оқиғаның орын алғанын растады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қыз оқиға орнында көз жұмды. Оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Бөлісу: