Спорт
1 мин оқу 220

Жалғас Жұмағұлов алғашқы жеңісіне қол жеткізді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Ол Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 264 турнирінде америкалық Джером Риверамен (10-5) айқасты. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда Жұмағұлов бірінші раундта қарсыласын тізе бүктірді.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы он төртінші және UFC-дегі бірінші жеңісі болып отыр. Промоушндегі алдыңғы екі ойында төрешілердің бірауыз шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швед Амир Альбазиден (14-1) жеңіліп қалды.

Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов алғашқы жеңісіне қол жеткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар