Атырауда үздік балықшылар марапатталды

Атырауда балықшы шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала үздіктері мен ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, мұнайлы өңірінде балық аулау, өңдеу ісіне 18 табиғат пайдаланушы кәсіпорын тартылып отыр.
«Былтыр облыста «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» қабылданды. Содан бері аталған бағдарламаға сәйкес, 9жобаны жүзеге асыру жоспарланды» дейді Қайрат Нұрлыбаев.
Кәсіби мерекеге орай «Балық шаруашылығы саласындағымінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен Рашиден Қалидуллин, Мейрамгүл Оңайбаева, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрмет грамотасымен Зина Тюмешова мен Зухра Ғұбашевалар марапатталды.
Ал «Восток» серіктестігінің звено жетекшісі Өмірзақ Азбергенов «Балық шаруашылығы саласына еңбек сіңірген қызметкер» атағына иеленді. Үздік балықшыға бұл марапатты Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев тапсырды.