Аймақтар
1 мин оқу 320

Атырауда округ әкімінің сайлауына 73 үміткер ұсынылды

<p style="text-align: justify;">Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы таратқан ақпаратқа қарағанда, 18 ауылдық &nbsp;округ әкімінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда округ әкімінің сайлауына 73 үміткер ұсынылды

Оған 73 үміткер ұсынылып отыр. Оның ішінде 39 үміткерді (53,4%) саяси партиялар ұсыныпты. Сондай-ақ, өзін-өзі ұсынған 34 үміткер (46,6%) округ әкімінің лауазымына сайлану үшін саяси додада бақ сынамақ.  

«Мәселен, NurОtan партиясы 15, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ Жол» ҚДП – 3, «АDAL» партиясы – 6, Қазақстан халық партиясы – 7 кандидат, ЖСДП 3 үміткер ұсынды. Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады. 10 шілдеде 54 үміткер тіркелді. Бұл үміткерлердің – 74 пайызы», деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.

Бөлісу:
Атырауда округ әкімінің сайлауына 73 үміткер ұсынылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар