Аймақтар
1 мин оқу 441

Қызылорда облысында ауыл әкімдігіне 151 үміткер ұсынылды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

40 округ бойынша 151 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

– Қазір үміткерлердің заңды талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар кандидаттарды тіркеу жұмыстары әлі жалғасуда. Бүгін 81 үміткер тіркеуден өтті, – деді Ғалым Қонақбайұлы.

Айта кету керек, кандидаттарды тіркеу 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Бөлісу: