Қоғам
1 мин оқу 503

Ресей іздеу жариялаған 12 қылмыскер Қазақстанда ұсталды

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері РФ-ның полицейлері іздеу жариялаған 12 қылмыскер СҚО аумағында ұсталды,&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей іздеу жариялаған 12 қылмыскер Қазақстанда ұсталды

Олардың көбі Омбы облысында қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған. Алайда Қазақстанмен шектеспейтін аймақтарда да іздеу салынғандар бар. Мәселен, Калининград, Челябі, Владимир облыстарында іздеу жарияланғандар да СҚО-ны сағалапты.

Солардың ішінде 42 жастағы ер адам шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарына іліккен. Ал 26 жастағы біздің жерлесіміз Омбыда есірткі қылмыстарын жасағаны үшін іздестірілген екен. Ұсталған адамдардың біразы ауыр дене жарақаттарын келтіру, билік өкіліне қатысты күш қолдану, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру сияқты қылмыстар жасаған.

Бөлісу:
Ресей іздеу жариялаған 12 қылмыскер Қазақстанда ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар