Елорда
1 мин оқу 161

Елордада 300-ден аса үлескер алданып қалды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті &laquo;Royal EXPO apartments&raquo; массивті тұрғын кешенін салушы &laquo;Expolis Invest VM&raquo; ЖШС басшылығына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазіргі уақытта 280 жәбірленуші полицияға шағым түсірді. Сотқа дейінгі тергеу барысында республикамыздың әр түрлі аймақтарында тұратын 300-ден астам адам «Expolis Invest VM» ЖШС басшылығының әрекеттерінен зардап шеккені анықталды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті құрылыс компаниясы әрекеттерінен зардап шеккен үлескерлерден тергеу бөліміне: 71-62-85, 8-775-968-77-34 телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды», дейді қалалық ПД баспасөз қызметі

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін, құрылыс компаниясымен бірлескен құрылыс туралы келісімшарттар жасасу кезінде келесі аспектілерге назар аударуға кеңес беріледі:

- жобалаушы мен құрылысты салушы компанияның нақты заңды мекенжайы туралы мәліметтер;
- компанияның мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжаттар;
- компанияның құрылтайшылары, сондай-ақ жобалаушы компания құрылтайшылары туралы ақпарат;
- жеке тұлғалардан қаражат тарту арқылы құрылысқа рұқсатты көрсететін құзыретті органдардың лицензиясының болуы;
- компанияның құрылыс жүргізілетін жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттар;

- нысанды салуға ГАСК берген рұқсат;
- құрылыс кезеңдері және оны аяқтау мерзімдері туралы мәліметтер;
- құрылыс компаниясының қара тізімде бар-жоғын тексеріңіз.

2020 жылы мамырда елорда әкімдігі прокуратурамен бірлесіп жүргізген мониторинг нәтижесінде үлескерлерден ақшаны заңсыз тартқан 46 құрылыс компаниясын анықтады.

Бөлісу:
Елордада 300-ден аса үлескер алданып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар