Башар Асадтың жақтастары атысты тоқтату режимін тағы да бұзды
<p style="text-align: justify;">Башар Асадтың жақтастары мен Иран қолдауындағы жалдамалы топтар Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибтің деэскалация аймағында атысты тоқтату режимін тағы да бұзды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Идлибтің оңтүстігіндегі ауылдардың бірінде қыз бала қайтыс болды. Тағы екі бала ауруханаға түсті.
Агенттіктің хабарлауынша, атыс Хама провинциясының солтүстік-батысындағы Журин ауылына жақын жерде болған. Олар Идлибтің оңтүстігіндегі М4 тас жолының жанындағы Химеймет ауылын, сондай-ақ Хаманың батысындағы Килейдин, Зеккум және Кастун ауылдарын атқылаған.
Айта кетейік, 2017 жылғы 4-5 мамырда Астанадағы (қазір Нұр-Сұлтан) кездесудің қорытындысы бойынша Сирияда төрт деэскалация аймағын құру туралы келісім жасалды. Оның үшеуі кейіннен Асад режимінің бақылауына өтті.