Шымкенттегі «Фосфор» емханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасы жұмысын инфекциялық стационар ретінде жалғастыруда. Қазір медицина мекемесінде ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастар емделіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қала әкімі Мұрат Әйтенов 250 орынды медицина мекемесін аралап, инфекциялық стационардың жұмысымен танысты.
Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.
Инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы қамтылған.
Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.