Қоғам
1 мин оқу 590
Вакцина салдырғандар ақшалай сыйлық ұтып алды
<p style="text-align: justify;">Атырауда вакцина салдырған 10 адам ақшалай ұтыстың 200 мың теңгенің сертификатына ие болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ақшалай ұтыс ойынын ұйымдастырушы – облыстық «Азаматтық Альянс» ЗТБ. Әр он күн сайын 30 қыркүйекке дейін өтетін ұтыс ойынына вакцина алған тұрғындар қатысады.
«Ақшалай ұтыстың алғашқы ойыны 11 шілдеде тікелей эфирде өтті. Онда кездейсоқ сандарды таңдау арқылы 200 мың теңгелік 10 сертификат ойнатылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бөлісу: