Әлем
1 мин оқу 290

ЕО Ресейге қарсы санкцияларды ұзартты

<p style="text-align: justify;">Еуропалық Одақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды тағы да алты айға ұзартты. Бұл туралы ЕО Кеңесінің 12 шілдеде жасаған мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Санкциялар 2014 жылы «Украинаның шығысындағы жағдайды тұрақсыздандыратын» әрекеттерге жауап ретінде енгізілген болатын. 

Енді Ресей Федерациясына қарсы экономикалық санкциялар 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылады. 

Айта кетейік, Еуропалық Одақ Кеңесінің шешімі Минск келісімдерінің орындалуын бағалау негізінде қабылданды.

Бөлісу:
ЕО Ресейге қарсы санкцияларды ұзартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар