Саясат
1 мин оқу 121

Ынтымақтастық жалғасады

<p style="text-align: justify;">Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур ван Дизенмен кездесті.</p>

Ынтымақтастық жалғасады

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Үкіметі мен UNICEF-тің 2021-2025 жыл­дарға арналған Елдік Бағдар­ламасы шеңберіндегі басым бағыттарды іске асыру мәселе­лерін талқылады.

Аида Балаева минис­тр­ліктің жетекшілік ететін ба­ғыттары бойынша жү­р­гізіліп жатқан ауқымды жұ­­мыс­тары туралы, атап айт­қанда, жалған ақ­паратпен жұ­мыс істеу және COVID-19 динамикасы мен ауқымы туралы халықты үнемі хабар­дар ету, заңнамалық базаны жетілдіру, тұрақты да­му мақсаттарын іске асыру және Мемлекет бас­шы­сының волон­терлерді жұ­мыл­дырудың ха­лы­қаралық жылын белгілеу жөніндегі бастамасын ілге­рілету туралы айтып берді.

Өз кезегінде Артур ван Дизен балалар тәрбиесі, ата-ана дағдыларын нығайту, балаларды зорлық-зомбылықсыз тәр­биелеу, гендерлік теңдік және балаларды қолайлы ортаға тәр­биелеу тәсілдері, жастар арасында әлеуметтік-бағдарланған волонтерлікті дамыту сияқты бағыттар бойынша одан әрі ын­тымақтастық жоспарлары туралы айтып берді.

Кездесу соңында тараптар балалар мен жастар мәселелері бойынша бірлескен жобаларда өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Ынтымақтастық жалғасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар