Медицина
2 мин оқу 754

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау қаралды

<p style="text-align: justify;">Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандары құрылысының сапасы және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау шаралары Nur Otan партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.</p>

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау қаралды

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Данай Смағұловтың айтуынша, бүгінде Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі ғылыми-инновациялық көп­бейінді аурухананың құрылысы бас­­­талды. Аймақтарда 5 жыл ішін­­­де 20 заманауи медициналық ор­талық ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, барлық елді ме­кендерді фельдшерлік-акушерлік және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, партия кеңесі құ­ры­лыстың сапасы мен мерзімін сақтау және салынып жатқан нысандарды техникалық жабдықтау мәселелеріне салалық ведомство қызметкерлерінің назарын аударды.

«Жүргізілген мониторинг қо­рытындысынан «Дәру» Ұлттық оңалту орталығының құрылыс кес­тесі сақталмағанын көріп отырмыз. Ал жеке медициналық ұйымдар мен клиникаларда талаптардың бірыңғай тұжырымдамасының бол­мауына байланысты халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша «Үйдегі дәрігер» жобасына қатысу үшін қиын­дықтар туындады», деді елор­далық кеңес төрайымы Динара Оразалина.

Партияның баспасөз қыз­меті хабарлағандай, отырыс ба­­рысын­да кеңес мүшелері меди­цина

қызметкерлерінің кәсіби жа­уап­кершілігін сақтандыру тетік­те­рін жетіл­діруді және облыстар мен рес­пуб­ликалық маңызы бар қа­ла­­лар­дың Қоғамдық денсаулық сақтау бас­қармалары жанындағы па­циент­тердің құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз омбудсмен лауа­зы­мын ен­гізуді ұсынды.

Денсаулық сақтау министр­лігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Гүлназ Таңатарованың айтуынша, ведомство медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, олардың құ­­­­қықтары мен мүдделерін қор­ғауға, еңбек жағдайларын жақ­сар­­туға бағытталған заң жобасын әзірлеген. Атап айтқанда, «кінә­сіз» жүйесі бар қолданыстағы сақ­тандыру компаниялары арқылы (сот­қа дейін өтемақы төлеу) меди­циналық қызметкерлердің кәсіби жа­уапкершілігін сақтандыруды кезең-кезеңімен енгізу жос­пар­­лан­ған, онда жұмыс беруші сақ­тан­дырушы болады. Сондай-ақ ем­деу­дің «трафареттік» тәсілі алынып тас­талып, пациенттермен арадағы дау­ды реттеумен айналысатын ме­диа­ция қызметі енгізіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес бірқатар ұсынымдар әзірледі. Олардың қатарында медициналық құқық бұзушылықтар жөніндегі норманы Әкімшілік кодекске ауыстыра отырып, Қылмыстық ко­декстің 317-бабын қайта қарау, ме­ди­цина қызметкерлерінің кә­сіби жауапкершілігін ерікті сақтан­дыру­дың тиімді тетіктерін пысықтау және т. б. ұсыныстар бар.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар