Брюссельде НАТО-Израиль байланыстары талқыланды
<p style="text-align: justify;">НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Альянстың Брюссельдегі штаб-пәтерінде Израильдің жаңа сыртқы істер министрі Яир Лапидамен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> НАТО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Столтенберг Израильді «Альянстың белсенді серіктестерінің бірі» деп атады.
«Израиль 20 жылдан астам уақыт бойы НАТО-ның маңызды серіктесі және Жерорта теңізі диалогының белсенді қатысушысы болды. НАТО мен Израиль ғылым мен технология, азаматтық төтенше жағдайларға дайындық және басқару, терроризммен күрес, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздік сияқты түрлі мәселелер бойынша өзара байланыста», деді бас хатшы.
Кездесуде әскери технологиялар мен инновацияларды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.