Оқиға
1 мин оқу 400

Қызылордада мешіттің садақа жәшігінен ақша ұрлаған адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан мешіттердің бірінің имамы арыз түсірді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Сыр бойы&raquo; басылымына сілтеме жасап.</p>

Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз біреулер мешіттің пластик терезесінің торын күштеп ашу арқылы кіріп, садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығын есептелуде.

Полиция басқармасының жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ұсталды және ол осы қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағына (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қызылордада мешіттің садақа жәшігінен ақша ұрлаған адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар