Әлем
1 мин оқу 284

Ұлыбритания елдегі шектеулерді толығымен алып тастамақ

<p style="text-align: justify;">Ұлыбритания 19 шілдеде коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастаудың соңғы кезеңіне көшеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ұлыбритания билігі міндетті маска тағу режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережесін алып тастауға шешім қабылдады. Сонымен қатар үкімет үйден жұмыс істеуді тоқтатып, қызметкерлерге кеңседе жұмыс істеуге рұқсат берді.

Алайда премьер-министр Борис Джонсон пандемия әлі аяқталмағанын, соған байланысты абайлап әрекет ету керек екенін ескертті. Ол қоғамдық көліктерде, адам жаппай жиналатын орындарда маска тағуға шақырды. Сондай-ақ үкімет басшысы ойын-сауық орындарының иелерінен келушілердің коронавирусқа қарсы вакцинация сертификатын тексеруді сұрады.

«Біз дүйсенбі, 19 шілдеден бастап, COVID-19 болмаған өмірге бірден орала алмаймыз», деп түсіндірді Джонсон.

Ұлыбританиялық ғалымдардың айтуынша, елде коронавирус толқынының шыңы тамыздың ортасына дейін күтілмейді және тәулігіне 1-ден 2 мыңға дейін адам ауруханаға түсуі мүмкін. Сонымен қатар мамандар күніне 100-200 өлім жағдайы болады деп болжайды. Тәулігіне жаңа науқастардың саны 100 мыңға жеткен жағдайда да билік ауруханалар мен дәрігерлер оны жеңе алатынына сенімді.

«Вакцинация «қорғанысты» құрды – бұл жазғы толқынға төтеп бере алатынымызды білдіреді», деді Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид.

Бөлісу: