Аймақтар
1 мин оқу 271

Маңғыстау облысына арзандатылған арпа жеткізіліп жатыр

<p style="text-align: justify;">&laquo;Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы&raquo;&nbsp;Маңғыстау облысының шалғай өңірлеріне 546,304 тонна арзандатылған арпа жеткізу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы корпорацияның баспаөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Корпорация 13 шілде күні 9 вагонға арпа артуға кірісті. Арпа қабылдауға және одан әрі мал шаруашылықтары арасында таратуға ыңғайлы болуы үшін бірден 45-50 кг қаптарға салынып жатыр. Аталған жұмыс Ақ-көл станциясындағы «Астық қоймалары №1 астық базасы» ЖШС астық қабылдау кәсіпорнында іске асып отыр.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» маусым айында Маңғыстау жұртын жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 637,294 тонна болатын 10 вагон жеткізген еді.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына да арпа жіберу жұмысы жалғасып жатыр.

Бөлісу: