Әлем
1 мин оқу 422

Қырғызстанда қатты селден 6 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">12 шілде күні сағат 18:00 шамасында Ақсый ауданында нөсер жаңбыр салдарынан екі үйдің ауласы мен Жаны-Жол ауылындағы жайылымға апаратын ішкі жол су астында қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖМ хабарлағандай, Ақ-Жол ауылында, Жолборсту ауылында жолдар мен көпірлер бүлінген. Таштақ ауылында екі баланы ағын су ағызып кетті.

Жалпы, сел тасқыны 8 адамның өмірін қиды, оның 6-ауы табылды. Қалғандарын (екі баланы) іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Бүгін іздестіру жұмыстарына Қырғыз Республикасының ТЖМ 20 құтқарушысы, Ақсый ауданынан 6 құтқарушы, 7 милиция қызметкері және 40 жергілікті тұрғын тартылды.

Бөлісу:
Қырғызстанда қатты селден 6 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар