Экология
2 мин оқу 200

Бес жылда 119 су арнасы цифрланады

<p style="text-align: justify;">Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Су шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев су саласы қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.</p>

Бес жылда 119 су арнасы цифрланады

Өз сөзінде министр Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су саласын дамыту мәселелері­не көп көңіл бөлетінін атап өтті. Бір­қатар маңызды стратегиялық міндеттер қойылғанын еске салды. Мәселен, Президент суармалы жер көлемін 2030 жылға дейін қазіргі 1,6 млн гектардан 3 млн гектарға дейін ұлғайту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ апатты су қоймаларын қалпына келтіру, каналдарды цифрландыру, топтық су құбырларын салу қарастырылған.

– Сіздер су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қор­ғаудың қазіргі заманғы тех­но­логияларын қолдана отырып, оны болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатындағы мем­ле­кеттік саясатты тиімді іске асы­рып келесіздер. Өткен жылы 813 шақырым канал қай­та жаңартылды. Бұл 53,5 мың гектар суармалы жерді айна­лымға енгізуге, 26 мың жұ­мыс орнын құруға және ауыл шаруа­шылығы өнімінің көлемін 30 млрд теңгеден астам сомаға ұл­ғайтуға мүмкіндік берді. Биыл 78 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу үшін 1 050 ша­қырым ирригациялық желіні қал­пына келтіру жоспарланған. Бұл жыл сайын 66 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр су­ды сапалы және тиімді пайдалану мақ­сатында 2020 жылы Түркістан облысында ұзындығы 12 шақырым ма­гистральдық арнаны цифр­ландыру бойынша қанатқақты жоба іске асырылғанын еске салды. Бұл суармалы судың артық шығынын анықтауға мүмкіндік берді. Алдағы 5 жыл ішінде ұзын­дығы 2,8 мың ша­қырым­нан асатын 119 арнаны цифрланды­ру жоспарланып отыр.

Салтанатты жиында су ша­­руашылығының қыз­­мет­­кер­лері «Су шаруашы­лы­­ғының ардагері», «Су шаруа­шы­лығының үздігі» сынды төс­бел­гілерге ие болып, Құрмет гра­мотасымен марапатталды.

Бөлісу:
Бес жылда 119 су арнасы цифрланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар