Жаңалықтар
1 мин оқу 361

Мәскеуден орден алып қайтты

Жуырда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауруханасы «Сала көшбасшысы-2013» атағына ие болды.

Жуырда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауруханасы «Сала көшбасшысы-2013» атағына ие болды.

Осыған орай аурухананың бас дәрігері, өңірге танымал хирург Хамит Ералин Мәскеу қаласына арнайы барып қайтты. Ресей Федерациясы сауда-өнеркәсіп палатасының конгресс орталығында өткен экономика көшбасшысы болып танылғандарды ресми марапаттау шарасына Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь, Әзер­байжан елдерінен 78 кәсіпорын қатыс­ты. Аталмыш шара осымен он үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Ұлттық бизнес-рейтингтер ха­лықаралық рейтингтік одағының қолдауымен республикалық рей­­тингтік бағдарлама бойынша Қазақ­стан экономикасының көшбасшы кәсіп­орындарын ұлттық статистикалық саралау мәліметі негізінде Тайпақ ауруханасы сала көшбасшысы болып танылды. Соның негізінде  бас дәрігер Х.Ералин рейтингтік қауым­дастықтың «Қазақстан Даңқы» орде­німен марапатталды. Бұл орден жеке тұлғаларға еңбектегі ерекше жетіс­тіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, аурухананың невропатолог дәрігері Жанат Жанғалиева «Жыл маманы» атанса, көз дәрігері Гүлнәр Мәкімова «Еңбектегі тиімділігі үшін» медалімен марапатталды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.

Бөлісу:
Мәскеуден орден алып қайтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар