Спорт
1 мин оқу 300

Бүгін «Қайрат» Израиль командасымен қарымта ойын өткізеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Алматының &laquo;Қайраты&raquo; өз алаңында Израильдің &laquo;Маккаби&raquo; (Хайфа) командасымен қарымта ойын өткізбек, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еске сала кетсек, екі команда 7 шілдеде өткен Израильдегі кездесуде 1:1 есебіне қанағат білдірді. Бүгін жеңіске жеткен клуб жарысты жалғастыратын болады.

«Маккаби» (Хайфа) 1913 жылы құрылып, Израильдің 13 дүркін чемпионы атанған. 2020/21 жылғы маусымда жеңімпаз тұғырынан көрінген олар бұл жетістігін тура он жылдан кейін қайталап отыр.

Екі команда былтыр UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында кездесіп, израильдік клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бүгінгі «Қайрат» пен «Маккаби» (Хайфа) арасындағы кездесу елорда уақытымен 19.50-де басталады. Жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасында өткізілетін тікелей эфирде тамашалай алады.

Бөлісу:
Бүгін «Қайрат» Израиль командасымен қарымта ойын өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар