Биыл «Болашақ» бағдарламасына 1055 стипендия бөлінді
<p style="text-align: justify;">Биыл «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқу үшін 1055 стипендия бөлінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламасы бойынша, ал 500 стипендия тағылымдамалардың жаңа «Ғалымдар» санаты бойынша бөлінді.
Тағылымдама бағдарламасы бойынша - 110 стипендия бөлініп, басым 4 бағыт бойынша келесі мамандықтар белгіленді: «Инновациялар мен жаңа технологиялар» - 15, «Индустриалдық инженерия» - 20, «Жаратылыстану ғылымдары» - 10, «Әлеуметтік ғылымдар» - 20, «Білім беру» - 20, «Медицина» -15 және «Креативті индустрия» - 10.
2021 жылға тағылымдамаларды ғалымдар, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер, педагог қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, инженерлік-техникалық қызметкерлер санаттары бекітілді.
Тағылымдамалар санаттарының тізімін жасау кезінде мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардан келіп түскен өтінімдер ескеріліп, қажетті мамандықтарға талдау жүргізілген.