Әлем
1 мин оқу 330
Пәкістандағы жарылыстан 10 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Алдын ала мәліметтер бойынша, он адам, оның ішінде екі әскери қызметкер, Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы террористік актінің құрбаны болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Жоғарғы Кохистан ауданындағы Дасу су қоймасының құрылысына бет алған жұмысшылар мінген автобустың жолында жарылыс болған.
Қаза тапқандардың арасында ҚХР-дан келген төрт инженер бар.
39 адам ауруханаға жатқызылды. Жарылыс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Террористік ұйымдардың ешқайсысы жарылыс ұйымдастырғандарын мойындаған жоқ.
Бөлісу: