Аймақтар
1 мин оқу 222

Мемлекеттік қызметке орналастыруға уәде берген

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті тұрғынның арызы бойынша 27 жастағы азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күдікті мемлекеттік қызметке орналасуға көмектесемін деген желеумен 672 мың теңге көлемінде 2 дана ұялы телефонды несие арқылы өзіне рәсімдетіп алған.

Оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бөлісу: