Аймақтар
1 мин оқу 3,972

Атырауда вакцина салдырғандар саны 121 мыңнан асты

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында 121 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда вакцина салдырғандар саны 121 мыңнан асты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 1 ақпан мен 13 шілде аралығында «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 121 286 адам салдырған. Вакциналардың II компонентін салдырғандар саны 63 946 адамға жетті.

«Өткен тәулік – 13 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 3 084 адам салдырды. Вакцина алғандардың қатарында 180 педагог, 85 дәрігер, 66 студент, 25 мемлекеттік қызметші, арнайы мекемелердің 18, құқық қорғау органдарының 14 қызметкері бар. Сондай-ақ, созылмалы сырқаты бар 525 пациент пен жергілікті 2 171 тұрғын вакцина алды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда вакцина салдырғандар саны 121 мыңнан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар