Аймақтар
1 мин оқу 114

Елордалық мекемелер карантин талаптарын елемей отыр

<p style="text-align: justify;">Елорданың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен тәулікте, 13 шілдеде қалада карантиндік шектеулерді бұзған 4 кәсіпкерлік нысан анықталды.

Есіл ауданының мониторингтік тобы жұмыс режимін бұзғаны, сондай-ақ қызметкерлерінің бетперде тақпағаны үшін «Bariton» караоке-клубын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал «Aura club Alanya» түнгі клубы есіктерін жауып алып жұмыс істеген.

Сонымен қатар белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Особа» кафесі, «Respawn» компьютерлік клубы, сондай-ақ Сарыарқа ауданында «Bariton» караоке-бары жұмысын жалғастырды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. КВИ инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Мәселен, елордада өткен тәулікте 1000-нан астам адам коронавирус жұқтырды. Жағдайға байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Бөлісу:
Елордалық мекемелер карантин талаптарын елемей отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар